Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай соңғы болып рингке көтерілді.
Жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировті жеңіп, финалға шыққан А.Оралбай 92 келіден жоғары салмақта қытайлық Абудурешити Ремуламен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта Айбектің ауыр соққылары қарсыласына дәл дарып жатты — 5:0. Қазақстандық боксшы екінші кезеңде қарқынын төмендетпеді — 5:0. Ол үшінші раундта да шеберлігінің жоғары екендігін көрсете білді. Қорытынды есеп — 5:0, Айбек Оралбайдың пайдасында.