Dar Pro Team командасы жеңіліп көрмеген қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың (18-0) желтоқсан айындағы қарсыласын атады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Аталған команданың әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланғандай, 8 желтоқсанда Шавкат жеңіліп көрмеген ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) жартылай орта салмақтағы «уақытша» UFC белбеуі үшін кім мықтыны анықтайды.
Жекпе-жек UFC 310 негізгі оқиғасы аясында Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.
Айта кетейік, алдымен Шавкат Рахмонов бас титул үшін оның қазіргі иегері америкалық Белал Мұхаммедпен жекпе-жек өткізуі керек болған.
Бірақ америкалық аяқ сүйегіндегі жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
Белалдың орнына бұрынғы дивизион чемпионы Камару Усман қарастырылғанымен, аз уақыт қалғанда айтылған ұсыныстан ол да бас тартты.