Алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстан чемпионы атанды. Алматылықтар Қазақстан Премьер-лигасында 47 ұпай жинап, ел чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Шешуші 26-турда алматылықтар «Атыраудан» 0:1 есебімен басым түсті. Жалғыз голды 59-минутта пенальтиден Гиорги Зария соқты.
Осылайша «Қайрат» 47 ұпай жинап, өз тарихында төртінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Күміс жүлдені 46 ұпаймен
«Астана» алса, «Ақтөбе» клубы 43 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. «Шахтер» ең соңғы 13-орынға тұрақтады