Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымының қатарына қосылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдап, ресми түрде World Boxing ұйымының қатарына қосылды. Бұл шешім АҚШ-тың Колорадо-Спрингсте өткен World Boxing халықаралық бокс федерациясының Конгресінде хабарланды.
Бұндай шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты. Енді World Boxing құрамындағы елдердің саны 55-ке жетті. Айта кетейік, Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанғанын жазған едік.