Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Абу-Дабидегі Grand Slam: Әбиба Әбужақынова жартылай финалға шыға алмады

Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Абу-Дабидегі Grand Slam: Әбиба Әбужақынова жартылай финалға шыға алмады
Фото: Olympic.kz

Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова өнер көрсететін 48 келіге дейінгі салмақта барлығы тоғыз спортшы белдеседі.

Қазақстандық спортшы турнирді бірден ширек финалдан бастаған.

Бұл раундта ол ресейлік Марина Воробьеваға қарсы тұрды.

Жекпе-жек қарсыластың мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды.

Әбужақынова енді жұбаныш айналымында шаршы алаңға шығады.