Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Данияр Елеусінов Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Алматыда ұйымдастырылған бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті. Отандасымыз филиппиндік Джо Нойнаемды (23-4-2, 11 КО) техникалық нокаутпен жеңіп шықты, деп хабарлайды paryz.kz.

Данияр Елеусінов Алматыдағы бокс кешінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
фото: видеодан скриншот

Данияр қарсыласын 4-раундта нокдаунға түсірді. Жекпе-жек одан кейін жалғасқанмен, жаттықтырушылары кеңесе келе жұдырықтасуды тоқтатты.

Данияр Елеусінов соңғы рет 2021 жылы ресми жекпе-жекке шыққан. Аргентиналық Хуан Эрнан Леальды жеңіп, IBO чемпиондық атағын иеленген еді.

Одан кейін жекпе-жекке шықпады. 2023 жылдың желтоқсан айында "IBA Чемпиондар түні" кешінде жұдырықтасуға шыққан. Алайда ол жекпе-жек ресми кездесу болып саналған жоқ. 

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінде аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов та бақ сынады. Алғаш рет бокс жекпе-жегіне шыққан ол Нұрберген Шәріповті жеңіп шықты.