Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны ауысты. Командада бұл қызметті енді Айбек Оралбай атқарады, – деп хабарлайды ҰОК сайты.
Айбек Оралбай – 2022 жылғы Азия чемпионы әрі жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы (2018). Жазда өткен Париж Олимпиадасында бақ сынады.
Ол 92 келі салмақта сынға түсіп, ширек финалда әзербайжандық Лорено Альфонсо Домингеске жол берген болатын.