Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Паралимпиада-2024: Бүгін ел құрамасынан кімдер жарысқа шығады

Бүгін, 7 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар екі сайыс түрінен жарыс жолына шығады.

Паралимпиада-2024: Бүгін ел құрамасынан кімдер жарысқа шығады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Парадзюдодан 12:30-да ел құрамасынан Ғалымжан Самғұлұлы, Ерлан Өтепов, Бауыржан Арыстанбеков, Зарина Райфова, Жұрқамырза Шүкірбеков татамиге шығады.

Ал параканоэден 13:14-те Бибарыс Сыпатай, 13:49-да Жаңыл Балтабаева сайысқа түседі. Айта кетсек, Паралимпиаданың тоғызыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде бар.