Бүгін, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізеді.
Ел құрамасы В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түседі. Кездесу қазақстандық уақытпен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Аталған ойында Нидерланд елінен келген Аллард Линдхаут бас төреші міндетін атқарады. Оған отандастары Йоост ван Зуйлен мен Рогир Хониг көмекшілік жасайды.
Төртінші төреші де сол елдің өкілі Алекс Бос. Өз тарихында екі құрама алғаш рет шеберлік байқасады.