Қазақстан Президенті Кубогында "Барыс" пен республика құрамасы арасындағы хоккей матчынан кейін елордалық хоккей клубының талисманы ерекше қадамға барды, деп хабарлайды Paryz.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Үнемі "барыстың" бетпердесінде жүретін қолдаушының түрін елордалықтардың көбі алғаш рет көрді.
Ол тізерлеп тұрып, өзінің ғашығына үйлену туралы ұсыныс жасады. Қыз да қуанышын жасырмастан "ИӘ" деп жауап беріп, ұсынысты қабыл алды. Жиналғандардың бәрі қошемет көрсетіп, құттықтап жатты.