Садақ атудан Қазақстан командасының өкілі Дәулеткелді Жаңбырбай 2024 жылғы Олимпиада ойындарының 1/16 финалына шыға алмады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Дәулеткелді 1/32 финалда колумбиялық Хорхе Энрикемен кездесті. Аталған кездесу 7:3 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.
Айта кетерлігі, бұған дейін Дәулеткелді Жаңбырбай Қазақстан сапында командалық жарысқа қатысып, Италиядан 4:5 есебімен ұтылды.
Жекелей сында тағы бір қазақстандық спортшы – Ильфат Абдуллин канадалық қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді.