Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атынды

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Елдос Сметов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында алтын медель жеңіп алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атынды
Фото: olympic.kz

Елдос Сметов Париж татамиіндегі доданың финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидземен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Елдос Сметов 1:0 есебімен жеңді.

Ол Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль жеңіп алған еді. 

Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазды.

Жалпы Сметов үшін Парижде жеребе оңай болған жоқ. Іріктеуде Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Ю Вейді (Тайпей) жыққан. Ал жартылай финалда әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Франсиско Гарригостан (Испания) қосымша уақытта (golden score) айласын асырды.