We Like Sportz Show журналисі Серхан Дайи қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының жағдайы туралы пікірімен бөлісті, деп жазады Sports.kz.
«Көбісі Жәнібекті өз салмағында үздік деп санайды. Ол бұған дейін осы дивизиондағы бірде-бір жекпе-жегінде салмақ өлшеу рәсімінен өткен емес. Бұл кейінге қалдырудың өкінішті жері, ол әлі күнге дейін 2024 жылы жекпе-жек өткізбеді және өз дивизионындағы үздіктердің бірі саналатын адам үшін бұл артқа жасалған қадам деп санауға болады», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Жаңа Зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасуы керек еді, бірақ салмақ қуудағы сәтсіздігінен денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.