Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды.
Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу), «Динамо» (Дрезден, ГФР), «Тироль» (Инсбурк, Аустрия) клубтарында ойнаған.
Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина» (Сочи), «Терек» (Грозный), «Амкар» (Пермь), «Динамо» (Мәскеу), «Легия» (Варшава, Польша), «Ференцварош» (Будапешт, Мажарстан) командаларында жұмыс істеген.
Ол 2007 жылы Мәскеудің «Спартак» клубын жаттықтырған кезде Ресей чемпионатының күміс жүлдегері, «Легия» командасында жұмыс істегенде Польшаның чемпионы атанып (2015/16), осы ел кубогының иегері (2015-2016 ж.ж.) болды. 2018 жылғы әлем чемпионатында Ресей құрама командасымен ширек финалға жетті.
Станислав Черчесов «Ференцварош» клубының бас жаттықтырушысы болып екі жыл қатарынан Мажарстанның чемпионы (2021-2022, 2022-2023 ж.ж.) атанды. Мажарстан кубогын (2021-2022 ж.ж.) жеңіп алды.