Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабымен кездесті.
Осы жерде Магомед Адиев құраманың бас жаттықтырушысы қызметінен кететінін, мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын айтты.
ҚФФ Адиевтің шешімімен келісті. Енді федерация келесі аптаның басында жаңа бас жаттықтырушыны таңдайды.
Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасындағы жетістігімізден кейін Магомед Адиев команданың бас бапкері ретінде келісімшартын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін ұзартқан еді.
Адиев келгелі ұлттық құрама 21 матч өткізіп, 11 ойында жеңіске жетті. 9 матчта жеңіліп, бір ойында қарсыласымен тең есеппен тарқасты.
Ұлттар лигасы (6 матч), жолдастық кездесу (4 матч), Еуро іріктеуі (10 матч) және ЕУРО финалдық кезеңіне іріктеу (1 матч).
Адиевтің командасы 21 матчта қарсылас қақпасына 28 гол салған – өз қақпасына 29 гол жіберген.