Нора Джеруто Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Нора Джеруто Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Нора Джеруто Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

«Жеңіл атлетикадан АҚШ-та өткен «USATF Los Angeles Grand Prix» жарысында 1 жылдан астам уақыттан кейін үлкен спортқа оралған Әлем чемпионы Нора Джеруто қола жүлдеге ие болды.
Бұған дейін ол 2023 жылы ақпан айында жабық кешендегі Азия чемпионатында (9:29.27) бақ сынаған болатын», - деп хабарлайды министрлік.

Айта кетейік, Кениядан шыққан Нора Джеруто 2022 жылы әйелдер арасында кедергімен жүгіруден 3000 метр қашықтықта Қазақстан атынан әлем чемпионы атанған болатын.