Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайтып оралуы мүмкін

Жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағүлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін екенін айтты.

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайтып оралуы мүмкін
фото: әлеуметтік желіден

Мен жарақатымнан толықтай айығып қалдым. Жақын арада АҚШ-қа барамын. Тамыз айында жекпе-жек өткізгім келеді. Қазір UFC-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. АҚШ-та басқа файтердің орнына жекпе-жекке шығуым мүмкін. Болмаса басқа жолмен октагонға шығамын. Енді бәрін уақыт көрсетеді, – деді Жұмағұлов.

Жалғас Жұмағұлов UFC-де 2020-2023 жылдар аралығында октагонға шығып, жеті жекпе-жектің тек біреуінде ғана жеңіске жеткен.