Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жұлдызы биік жамбыл спорты

Жамбыл спортының жұлдызы әркез биік болғаны белгілі. Өңір жампоздары талай әлемдік ареналарда атой салып, бірнеше мәрте Әнұранымызды асқақтатып, көк байрағымызды барлық құрлықта биіктетіп жүр, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Жұлдызы биік жамбыл спорты
Фото: Айбол Қараш

Кешегі олимпиаданың алғашқы чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтен бастап, боксшы Серік Қонақбаев, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов, Ислам Байрамуков пен Болат Жұмадәліовтер де Әулиеатаның мақтаныштары болатын. Бұл үрдіс облыс спортында қазір де жалғасын тауып келеді.

Бүгінгі таңда 805 облыс спортшысы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болып отыр. Облыс споршылары 2023 жылы түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда 1 655 медальға ие болды. Оның ішінде: 623 алтын, 480 күміс, 552 қола медаль болатын. 2023 жылы Жамбылдық 1 спортшы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, 15 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 64 спортшы ҚР спорт шебері нормативін орындады.

Ал, 9 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды. 2023 жылы өткен төртжылдықтың басты додасы саналатын Жазғы Азия және Пара Азия ойындарында Жамбыл облысының спортшылары жоғары орындардан көрінді. Жамбыл облысында Жазғы Азия ойындарына 12 спорт түрінен 37 спортшы қатысып, 1 күміс, 3 қола медаль және 1 «Париж-2024» Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды. Кураш спорт түрінен 81 кг салмақ дәрежесінде Бекәділ Шаймерденов күміс жүлдегер; Су добынан Қазақстан әйелдер құрама командасының сапында «Айша бибі» су добы клубының қыздары – қола жүлде; Бокстан 71 кг салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов қола жүлде; Су добынан Қазақстан ерлер құрама командасының сапында Шонжігітов Сұлтан және Цой Эдуард қола жүлдеге ие болды; Қазіргі бессайыс спорт түрінен Георгий Борода-Дудочкин «Париж-2024» Олимпиада Ойындарына лицензия жеңіп алды. Азия ойындарына қатысқан Ұлттық құрама командасының сапында жамбылдық спортшылар Алматы, Астана және Шымкент қалаларының құрама командалырынан кейін 37 спортшымен төртінші орында тұр.

Сонымен қатар Жазғы Пара Азия ойындарына 9 спортшы қатысып, 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медалға ие болды. Ал, 2023 жылы Ташкент қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасының капитаны Асланбек Шымбергенов алтын медальға ие болса, ал Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, Асланбектің алтыны Жамбыл облысының бокстан Әлем чемпионатында 24 жылдан кейін алған алтын медальі болып отыр. 2023 жылы Тирана қаласында өткен грек-рим күресінен U-23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Әлем чемпионатында Әсетұлы Сұлтан Қазақстан тарихында тұңғыш Әлем чемпионы атанды. Сондай – ақ, Нұржан Асан Бішкек қаласында өткен сурдлипиадалық грек-рим күресінен тұңғыш Әлем чемпионы атанды. Қазақстан Барысы республикалық турнирінде жерлесіміз Қырықбай Ғалымжан Барыс атанып, Алтын тай-тұяқ иеленді. Облыс спортшылары 2024 жылды жоғарғы спорттық нәтижелермен бастады. Атап айтар болсақ, кураштан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 8 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль, пара таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль, армрестлингтен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 5 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль иеленіп, командалық есепте 2 орын, нысана көздеуден Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында Жамбыл облысы 3 орын иеленді. Астана қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында еркін күрестен спортшыларымыз 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте Жамбыл облысы қатарынан екінші жыл 1-ші орынды иеленді.   Алматы қаласында өткен үстел теннисінен ҚР чемпионатында Харки Искандер жекелей ойында 3-ші орын, жұптық ойында 1-ші орын иеленіп, Оңтүстік Кореяда өтетін Әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.  Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, Харки Искандер Жамбыл облысы тарихында үстел теннисінен алғашқы Қазақстан Республикасы чемпионы.

Сонымен қатар, бокстан Болгарияда өткен Странджа кубогы халықаралық турнирында Дулат Бекбауов республиканың құрама командасы қоржынына жалғыз алтын жүлдені салды. Сондай-ақ, Бекзат Алмахан жекпе-жектен UFC промоушенмен келісім шартқа отырды. Биыл өтетін Париж – 2024 жазғы олимпиада және жазғы Паралимпиада ойындарына Жамбыл облысының 5 спортшысы лицензия иеленді. Лицензия қазіргі бессайыстан Георгий Борода – Дудочкин,  пара жүзуден Жұмағали Нұрдаулет, бокстан Асланбек Шымбергенов, пара таеквондодан Өмірәлі Нышан және еркін күрестен Ерғали Әлішердің қоржынында. Сондай-ақ, бүгінгі күнге әлі де лицензия алуға үміткер 9 спортшымыз бар. Жоғарғы спорт жетістігіне жету үшін бұқаралық спорт саласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың санын арттыру басты мақсат болып табылады.             

2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 492,0 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 40,2%-ға жетті. Ал, 2024 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 493,5 мың адамды немесе облыс тұрғындарының 40,4 %-ын құрады.   Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында 280 нұсқаушы штаттық бірліктері енгізіліп, жұмыс атқаруда. 2023 жыл басынан 3 908 спорттық іс – шара ұйымдастырылып, 282,3 мың адам қамтылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы, Қала  күніне ұйымдастырылған «SILK WAY TARAZ» атты велошеруі, Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында жолдастық кездесу, «Alash Pride FC» халықаралық турнирі, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир, Көкпардан ересектер арасындағы ҚР чемпионаты, «TARAZ RUN» қалалық жүгіру жарысы, Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнирі, Олимпиадалық жекпе-жек спорт түрлерінен Жамбыл облысы әкімінің кубогы, WKC каратэден кадеттер, жасөспірімдер, ересектер, ардагерлер арасындағы ашық Азия чемпионаты және балалар арасындағы ашық Азия кубогы секілді ауқымды ірі іс-шаралар ұйымдастырылды. 2024 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 949 спорттық іс – шара ұйымдастырылып, 77,8 мың адам қамтылды. Әрине, спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты. 2023 жылы 23 спорт нысанының құрылысы жүргізіліп, 10 спорт нысаны қолданысқа берілді. Ал, қалған 13 спорт кешенінің құрылысы 2024 жылы аяқталатын болады. Сонымен қатар, облыс бойынша 71 спорт алаңшасы қолданысқа берілді. Сондай-ақ, 2024 жылы 2 спорт кешенінің құрылысы жаңадан басталады. Бүгінгі күнге облыс бойынша 2 244 спорт нысаны жұмыс атқаруда.

Нәтижесінде, Жамбыл облысында халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 64,9 пайызды құрайды. Бұқаралық спортты дамыту, жоғарғы спорт жетістігіне жету және спорт резервін дайындау – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы алдында тұрған ең маңызды мемлекеттік міндет. 2023 жылы бұқаралық спортты дамыту және балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыруға тарту мақсатында спортты жан басына қаржыландыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік тапсырыстарды енгізу арқылы бюжеттен 930,7 млн. теңге бөлініп, 4-17 жас аралығындағы 8 100 бала мен жасөспірімдерге спорттық секциялар тегін негізде 19 спорт түрімен айналысуда. 2024 жылға 1 млрд. 237 млн. теңге бөлініп, 8 500 баланы қамту жоспарланып отыр. Былтыр облыста спорттың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрлерін дамыту дирекциялары ашылды. Бүгінгі күнге, облыс көлемінде басқармаға қарасты 53 спорт мекемесі жұмыс атқаруда. Аталған спорт мекемелерінде 29 862 спортшымен тұрақты түрде 1 122 жаттықтырушы жұмыс жүргізуде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Бұл жұмыстың барлығы да облыс спортын дамыту, Тараз төрінен, Жамбыл жерінен олимпиада чемпиондарын шығару үшін жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы деп білеміз.

 

Айбол Қараш