Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың екінші айналымында Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметованы (19 WTA) үш сетте 7:6, 1:6, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан болатын.
¼ финалда теннисшіміз 2 сағат 10 минутқа соқылған аса тартысты ойында италиялық Ясмина Паолиниді 2:1 (6:3, 5:7, 6:3) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Енді Рыбакина жартылай финалда Польшаның өкілі Иго Швентек пен Ұлыбританияның спортшысы Эмма Радукананың арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.
Турнирдің жалпы жүлде қоры – 922 573 доллар.