Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Париж-2024: Қазақстан спортшылары жолдамалар санын 36-ға жеткізді

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында ел қоржынына тағы екі жолдама түсті.

Париж-2024: Қазақстан спортшылары жолдамалар санын 36-ға жеткізді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Атап айтсақ, Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұптық сында Олимпиада жолдамасына қол жеткізді. Қазақстандық дуэт каноэмен 500 метрге жарыста чемпион атанды.

Сонымен қатар араға аз уақыт салып, Сергей Токарницкий мен Бекарыс Раматулла жұптық сында Париж Олимпиадасының 36 жолдамасын жеңіп алды. Қазақстандық жұп байдаркада 500 метрге жарыста бас жүлдені қанжығаларына байлады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұптық сында Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Осылайша Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасына жолдамалар санын 36-ға жеткізді.
Айта кетейік, 2024 жылғы Олимпиада ойындарында спорттың 32 спорт түрінен 329 медаль өз иесін табатын болады. Төртжылдық доданың алауы 26 шілде күні тұтанып, 11 тамыз күні мәресіне жетеді.