Осы салмақта Токио Олимпиадасында Василий Левит күш сынасқан еді.
Бұған дейін хабарланғандай, көптен бері халықаралық аренаға шыға алмай жүрген 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай алдына келген қарсыластарын құлатып, ширек финалға шыққан болатын. Оның алдында ол 1/16 финалда Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ханеул Жангпен кездесіп, қарсыласқа қарағанда өзінің жинақы да жігерлі, шымыр да шыдамды екенін көрсетіп, шапшаң қимылдарымен соққыларды дәл тигізіп, төрешілер тарапынан тиісті бағасын алып, жеңіске жетті.
Турнирде Айбектің сыңары – Нұрбек Оралбай да 80 келіде қолғап түйістіріп жатыр.