Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Боксшы Айбек Оралбай Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 92 келі салмақтағы Азия чемпионы Айбек Оралбай Олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Ол 1/4 финалда АҚШ өкілі Жамар Таллейді барлық раундта жеңіп, төрт жылда бір келетін додада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Боксшы Айбек Оралбай Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Фото: Аян Төлеген

Осы салмақта Токио Олимпиадасында Василий Левит күш сынасқан еді.

Бұған дейін хабарланғандай, көптен бері халықаралық аренаға шыға алмай жүрген 92 келі салмақтағы Айбек Оралбай алдына келген қарсыластарын құлатып, ширек финалға шыққан болатын. Оның алдында ол 1/16 финалда Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ханеул Жангпен кездесіп, қарсыласқа қарағанда өзінің жинақы да жігерлі, шымыр да шыдамды екенін көрсетіп, шапшаң қимылдарымен соққыларды дәл тигізіп, төрешілер тарапынан тиісті бағасын алып, жеңіске жетті.

Турнирде Айбектің сыңары – Нұрбек Оралбай да 80 келіде қолғап түйістіріп жатыр.