Алматыда өткен Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен (15-9) АҚШ өкілі Кливленд Маклин (17-11) кездесті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Кездесу аса жеңіл салмақта өтті және үш раундқа созылды. Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек барысында аяғын сындырып алғанына қарамастан белгіленген уақыт аяқталғанша өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша 35 жастағы қазақстандық файтер мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді.