05.02.2024, 10:38

Қазақстан су спортынан алтын жүлде алды

фото: Qazaqstan.tv

Қазақстан алғаш рет су спортынан алтын жүлде алды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан Әлем чемпионатында су спорты түрлерінен аралас жұптық бәсекеде өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиз Болатова Әлем чемпионы атанды.

Бұл - Қазақстанның су спорты түрлерінен алғашқы алтын медалі.