31.01.2024, 14:47

Қазақстандық файтер UFC-мен келісімшартқа отырды

Фото: underdogkz

Аралас жекпе-жектен қазақстандық 26 жастағы файтер Бекзат Алмахан жеңіл салмақта UFC лигасында өнер көрсетпек. Бұл туралы UFC өкілдері underdogkz инстаграм парақшасында  ресми түрде хабарлады. 

«Бекзат OCTAGON лигасында өте қызықты жекпе-жектер өткізіп, MMA әлеміндегі ең мықты файтерлердің бірі болды. Ол өте мықты қарсыластарын жеңіп, OCTAGON тарихына ең талантты спортшы ретінде танылды.

Кейінгі 9 айда біз OCTAGON-да өнер көрсеткен екінші файтермен келісім-шарт жасастық, сол үшін қуаныштымыз. Демек, OCTAGON Орта Азия файтерлері үшін әлемдік лигаға шығатын таптырмас алаңға айналды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бекзат OCTAGON лигасында барлық жекпе-жегін нокаутпен жеңген спортшы. Ол MMA-да 17 кездесу өткізіп, оның тек біреуінде ғана жеңілген.