Бокстан лицензиялық турнирге кімдер барады

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирде ел намысын қорғайтын қазақстандық боксшылар белгілі болды.

Бокстан лицензиялық турнирге кімдер барады
Фото: olympic.kz

Лицензиялық турнир 4-11 наурыз аралығында өтеді. Онда тек жартылай финалға шыққан боксшылар 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдамаға ие болады.

Аталған турнирде ел құрамасы сапында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралба (80 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі) бақ сынайды.

Ал Олимпиада жолдамасына ие болған Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) аталған турнирге қатыспайды.

Қазақстандық боксшылар қазірге дейін Жазғы Олимпиадада барлығы 22 медаль алды. Оның ішінде 7 алтын, 7 күміс, 8 қола бар.