Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Әскерге кеткен Санжар Тәшкенбай халықаралық турнирге қатысатын болды

Ақпан айында Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі "Странджа" турнирі өтеді. 

Әскерге кеткен Санжар Тәшкенбай халықаралық турнирге қатысатын болды
Фото: olympic.kz

Осымен 75-рет өткізілетін турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады. Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы мүмкін. 

"Странджа" турниріне қатысатын Қазақстан командасы: 

51 келі: Санжар Тәшкенбай

54 келі: Дәулет Молдашев

57 келі: Оразбек Асылқұлов

60 келі: Руслан Күзеубаев

63,5 келі: Ерасыл Танкай

67 келі: Дулат Бекбауов

71 келі: Талғат Шәйкен

75 келі: Нұрқанат Райыс

80 келі: Тұрсынбай Құлахмет

86 келі: Абзал Құттыбеков

92 келі: Сағындык Тоғамбай

Турнир 2-12 ақпан аралығында өтеді.