Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

«Канелоны» бір раундта үш рет құлатуға болады – Жәнібек Әлімханұлы

Кәсіпқой бокстан WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Qazaqstan телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында атақты мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекке шықса, бір раундта үш рет құлата алатынын айтып қалды.

«Канелоны» бір раундта үш рет құлатуға болады – Жәнібек Әлімханұлы
фото: әлеуметтік желіден

Біз алғаш рет АҚШ-қа 2018 жылы барып, келісімшарт жасастық. Алдымызға айқын мақсат қойдық. Басты мақсатымыз әлем чемпионы болу еді. Сол мақсатқа жеттік. Міне, Аллаға шүкір, 13-жекпе-жекте әлем чемпионы болдым. Бес жылда тез арада екі тұжырым бойынша дүниежүзінің чемпионы атандым. Қазір екі титулдың чемпионымын, - деді ол.

Сұхбатта ол боксқа хобби ретінде қарайтынын айтты. Ол qazaq style деген атты тегін қоймағанын, болашақта өкшесін басып келе жатқан жас боксшылар шаршы алаңға шығып, қазақ стайлды дәріптесе, бұның елімізге жақсы бір септігін тигізетінін атап өтті.

«Кәсіпқой бокста Мексиканың, АҚШ-тың стилі бар. Ақыры бокстасып, жұдырықтасып жатқанда неге qazaq style жасамасқа, неше оны дамытпасқа деп ойладым. Өзіміздің бауырлар сол қазақ стилімен бокстасса, болашақта шаршы алаңға шығып жатқанда сол қазақ стайлды дәріптесе, бұл елімізге жақсы бір септгін тигізер деп санаймын.

АҚШ-қа барған кезде лақап ат таңдаумен жүрген болатынбыз. Сол кезде таңдаған атымыз қазақ еліне қалай әсер етеді деп ойлап жүрдік. Бірінші жекпе-жекте америкалықтар өздері лақап ат қойған еді. Бірақ менеджер ағам Берік Сұлтановпен ақылдасып, сөйлесіп, qazaq style деген атты таңдадық, – деді боксшы.

Айтуынша, ол кәсіпқой боксқа барған кезде әлемдегі ең жарық жұлдызбен рингке шығып, жұдырықтасқысы келген.

Бізде қазір екінші орта салмақтағы әлем чемпионы «Канело» болып тұр. Оны 100 пайыз жеңе аламын. Өйткені мен оның әрбір жекпе-жегін, жаттығуларын білемін. Бақылап отырамын. Қарап жүремін. Оның кемшілігі мен артықшылығын айта аламын. Оның бәрін дәптерге жазып отырамын. Егер онымен қолғап түйістіретін болсам, қандай тактика қолданып, қандай айламен жеңу керектігін білемін. Мен оны бір раундта үш рет құлата аламын. Бұл жай сөз емес.  Құдай қаласа, кездесіп жатсақ, іспен дәлелдеуге тырысамыз, – деді әлем чемпионы.