Шавкат Рахмонов: Камару Усманмен жұдырықтасқым келеді

Бүгін, 25 желтоқсанда Алматы қаласында Шавкат Рахмоновтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов: Камару Усманмен жұдырықтасқым келеді
Фото: Prosports.kz

Шавкат Рахмонов UFC 296 турнирінде америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раудта мерзімінен бұрын жеңген еді. Сол жекпе-жектен кейін Қазақстанға оралған Шавкат 25 желтоқсан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатына қатысты.

Аталмыш іс-шарада қазақстандық файтер болашақта Камару Усманмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Камару Усманмен жұдырықтасу қызық болады. Белал Мұхаммед менімен шайқасқысы келмейтін сияқты. Усман да шыққысы келмейді, әрине. Ал негізі мен ешкімді таңдамаймын. Бастысы белбеуге жетсем болды. Уақыт көрсетеді. Әлі ешқандай жекпе-жек белгісіз, – деді Шавкат.

Айта кетейік, Камару Усман UFC промоушенінің орта салмағында 1-орында тұрған файтер. Ал Шавкат соңғы жеңісінен кейін 3-орынға көтерілді. Қазақстандық файтер жұдырықтасатын салмақ дәрежесінің рейтингінде көш бастап тұрған чемпион – Леон Эдвардс.