Шавкат Рахмонов UFC-де кезекті рет жеңіске жетті

Қазақстандық балуан Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-де алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды paryz.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов UFC-де кезекті рет жеңіске жетті
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өткен 296-шы турнирде өнер көрсетті, онда америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) жқдырықтасты. Бұл жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген еді, алайда Рахмонов екінші раундта тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.

Осылайша, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында он сегізінші жеңісіне жетті, ал Стивен Томпсон жетінші рет жеңіліске ұшырады. Бұл Рахмоновтың 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болды: ол наурыз айының басында америкалық Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта оны тұншықтыру әдісімен жеңді.