Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден кейінгі алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-ден кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Paryz.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден кейінгі алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Фото: meta-ratings.kz

Астанада өтіп жатқан Naiza 55 турнирінің негізгі жекпе-жегінде оның қарсыласы жапониялық Масато Накамура болды. Жекпе-жек Жұмағұловтың нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекке дейін Жұмағұлов төрт жекпе-жекте жеңілді. UFC-де қазақстандық жеті жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде ғана жеңіске жетіп, алтауында жеңілген. Ары қарай келісімшарт ұзартылған жоқ.