Әлемнің үздік лигасында өнер көрсетуге ұмтылып жүрген Сора Рахмонованың таңдауы бразилиялық джиу-джитсудан бірнеше дүркін әлем чемпионы, қара белбеу иесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа түскен.
БАҚ өкілдері спортшылардың тойы 10 желтоқсан күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтетінін жарыса жазып жатыр.