Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы депутатқа тұрмысқа шықпақ (ВИДЕО)

Аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің орта салмақтағы бесінші нөмірлі спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова тұрмысқа шығады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы депутатқа тұрмысқа шықпақ (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Әлемнің үздік лигасында өнер көрсетуге ұмтылып жүрген Сора Рахмонованың таңдауы бразилиялық джиу-джитсудан бірнеше дүркін әлем чемпионы, қара белбеу иесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа түскен. 

БАҚ өкілдері спортшылардың тойы 10 желтоқсан күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтетінін жарыса жазып жатыр.