Бокстан Астанада өтіп жатқан Қазақстан спартакиадасында әлем чемпионы атағына ие Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов жұдырықтасты.
51 келіге дейінгі салмақта өткен бұл тартысты жекпе-жекте Сәкен Бибосынов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұған дейін 51 келі салмақта әлем чемпионы Сәкен Бибосынов VI жазғы Спартакиададағы алғашқы жекпе-жегінде 19 жастағы Ғаббас Дүйсекеновті еш қиындықсыз жеңген болатын. Ал 48 келіде әлем чемпионы атанып, 51 келі салмақ дәрежесіне көтерілген Санжар Тәшкенбай ширек финалда былтырғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Алдамжаровтан 2-раундта басым түскен-ді.