Азия пара ойындары: Қазақстан спортшысы алғашқы алтын медальді жеңіп алды

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Азия пара ойындары: Қазақстан спортшысы алғашқы алтын медальді жеңіп алды

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп бастаған Давид Дегтярев 187 кг көтерді.  

Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Yang Jinglang 185 кг, ал үшінші орында вьетнамдық спортшы An Nguyen 184 кг көтерді.

«Керемет нәтиже! Давидті осынау маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оның соңғы жетістігі емес екеніне сенімдімін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.