Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турниріндегі Финляндия мен Қазақстан ұлттық құрама командалары матчының төрешілері белгілі болды.
Ойын бүгін Астана уақытымен сағат 22:00-де Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Матчта Босния және Герцоговинаның төрешілер бригадасы қызмет атқарады.
Бас төреші – Ирфан Пельто, қапталдағы төрешілер – Сенад Ибрисимбегович пен Давор Бельжо.
Төртінші төреші – Милош Гигович.
Қазір 7 турдан кейін H тобында 16 ұпаймен Словения құрамасы топ бастап келеді. Екінші орында 16 ұпай жинаған Дания командасы тұр. Словения ойыншылары бір доп артық гол (16-6) салған соң, 1-орынға жайғасқан. Дания 15 гол салып, қақпаға 6 доп жіберіп алған. Үшінші және төртінші орындағы Финляндия мен Қазақстан жасақтарының 12 ұпайы бар. Ал Солтүстік Ирландия мен Сан-Марино командалары – 5 және 6-орында.