17.10.2023, 12:25

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутпен жеңгеннен кейін қанша табыс тапқаны белгілі болды

Фото: Top Rank

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жегінен қанша қаржы тапқаны белгілі болды. Paryz.kz бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шетелдік ақпарат көздеріне сүйенсек, «Қазақ стилінің» қаламақысы – 400 мың доллар, ал ақылы тарнсляциялардың сатылым көрсеткіші 500 мыңнан асса, Жәнібек 1,5 миллион доллар табыс табады.

Айта кетейік, жекпе-жек ұйымдастырушылары да, жергілікті спорт комиссиясы да боксшылардың нақты табысын әзірге ресми түрде жариялаған жоқ.

Бұған дейін белгілі журналист Дэн Рафаэль Гуальтьеридің Әлімханұлымен жекпе-жектен алатын табысы 750 мың доллар екенін айтқан болатын. Басқа дереккөздерге сүйенсек, оның табысы бір миллион АҚШ долларына жетуі мүмкін.