Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша 2023 жылғы үздік боксшы атанды

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша 2023 жылғы орта салмақтағы үздік боксшы атанды, деп хабарлайды paryz.kz. 

Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша 2023 жылғы үздік боксшы атанды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы Доминикан Республикасында өткен конвенциясында WBO ұйымы хабарлады.

Boxrec.com сайтының нұсқасына сәйкес, маусым айының қорытындысы бойынша үздік қазақстандық боксшылардың рейтингісінде Геннадий Головкин көш бастап тұр, одан кейінгі орынға Мейірім Нұрсұлтанов пен Сергей Липинец жайғасқан.