Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында боксшы Карина Ибрагимова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері К.Ибрагимова финалда тайбэйлік Тин Ю Линьмен қолғап түйістірді.
Соңғы бәсекеде тайбэйлік боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Карина күмісті қанағат тұтты.
Бүгін сондай-ақ Қамшыбек Қоңқабаев аса ауыр салмақта олимпиада чемпионы, өзбекстандық Баходир Жалоловпен алтынды сарапқа салады.