Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Карина Ибрагимова 57 келі салмақ дәрежесінде тәжікстандық қарсыласы Мижгона Самадованы ұтып, Азия ойындарының финалына шықты.
Жекпе-жек 3:2 есебімен аяқталды. Карина Ибрагимова енді финалда Тайбэй боксшысы Лин Ю Тинмен алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевтың да Азия ойындарының финалына шыққаны белгілі болды. Спортшы аса ауыр салмақта сынға түсті. Ол жартылай финалда үндістандық боксшыны 5:0 есебімен жеңді.
Қоңқабаев Қазақстан ерлер құрамасы сапынан Азия ойындарының финалына шыққан және Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген жалғыз қазақ боксшысы атанды.
Сондай-ақ грек-рим күресінен төрт балуанымыз да жүлде үшін таласатын болады. Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының алтыны үшін, ал Айдос Сұлтанғали, Азат Садықов пен Мақсат Сайлау қола жүлде үшін күреседі.