Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, ол 39,6 шақырымдық уақыт бойынша жекелей жарыста үздік атанды.
Луценко қашықтықты 48:05,75 нәтижемен бағындырды.
Қытайлық велошабандоз Сюэ Мин мәреге екінші келді.
Үшінші орынды Винсент Ван Лау (Гонконг) иеленді.
Айта кетсек, Алексей Луценко 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған еді.