27.09.2023, 10:26

Сүйінші! Азиадада Қазақстан спортшылары алғашқы алтын медальді жеңіп алды

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарынан сүйінші хабар келіп жетті.

Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасындағы Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды.

Олар 344 ұпай жинап, Азия ойындарының рекордын жаңартты.