Әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Ханчжоудағы Азия ойындарын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде моңғол боксшысы Унуболд Орхонтунгалагты жеңді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Сәкен жекпе-жекті толық өз бақылауында өткізді. Қорғаныста мығым, шабуылда ширақ қимылдады. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды.
Бибосынов келесі кездесуін 28 қыркүйек күні Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді. Өзбек боксшысы алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Корея елінен келген спортшыдан басым болды.