"Ұлы дала жорығынан" Ақмола, Павлодар облыстарының шабандоздары шығып қалды, деп хабарлады Paryz.kz.
Ақмолалықтар тек қыздардан құралған. Павлодар құрамасының аттары да болдырып қалды.
Бұған дейін екі команда жарыстан шыққан болатын. Енді дүбірлі доданы 13 команда жалғастырады. Шабандоздар күніне 100 шақырымды артқа тастауда.
Осылайша жарыс 19 қыркүйекте Түркістанда өз мәресіне жетеді.