Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA аясында тарихи көрсеткішке қол жеткізді

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA аясында өтіп жатқан турнирде алғаш рет 12 ұпай жинап, тарихи көрсеткішке қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA аясында тарихи көрсеткішке қол жеткізді
Фото: inform. kz

Ел құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында мұндай ұпай иеленген емес. Атап айтқанда, 2008 жылы – 10, 2012 жылы – 4, 2016 жылы – 5, 2020 жылы – 10 ұпай жинаған еді.

Ал Еуропа құрлығы бойынша әлем чемпионаты іріктеу сатысында 2006 жылы – 1, 2010 жылы – 6, 2014 жылы – 5, 2018 жылы – 3, 2022 жылы – 3 ұпайды місе тұтты.

Алда үш ойын бар. Бұл көрсеткіш әлі де жақсара түседі деген үміттеміз.