Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчын тамашалау үшін Нью-Йорктен Астанаға ұшып шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз», - деп жазды Г.Головкин Instagram-парақшасында.
Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де.