Қазақстан құрамасы Финляндиядан жеңіліп қалды

Астанада футболдан Еуропа-2024 чемпионаты іріктеу турнирінің матчы өтті. Қазақстан құрамасы Финляндия командасын ойнап, жеңіліп қалды, деп хабарлайды  Paryz.kz. 

Қазақстан құрамасы Финляндиядан жеңіліп қалды
Фото: inform. kz

Алғашқы таймда есеп ашылмады.

Екінші тайм басталғаннан-ақ Қазақстан құрамасы шабуылды жиілетуге тырысты. Алайда финляндиялық футболшылардың шабуылы алғашқы таймдағыдан қауіптірек бола бастады. Осылайша, ойынның 78-минутында Финляндия құрамасының ойыншысы Антман Оливер есеп ашып, ойынның алғашқы голын соқты. Есеп 0:1. Қонақтар алға шықты.

Қақпаға жіберілген голдан кейін қазақстандықтар белсенділік таныта бастады. Бірақ бұл нәтиже берген жоқ. Сонымен Қазақстан құрамасы бүгінгі ойынды жеңіліспен аяқтады.

Айта кетейік, осы матч алдында Қазақстан мен Финляндия құрамалары Н тобының көшбасшылары болды. Екі команда да төрт ойыннан 9 ұпай жинады.

Бүгінгі матчтан кейін 10 қыркүйекте Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Ирландияны қабылдайды.