Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Ұлы дала жорығы»: бірінші күннің қорытындысы шықты

Бүгін «Ұлы дала жорығы» республикалық бәйге марафонының бірінші кезеңінде шабандоздар 50 шақырым межені жүріп өтті. 

«Ұлы дала жорығы»: бірінші күннің қорытындысы шықты

Бірінші кезеңнің 50 шақырымын алғашқы болып Жамбыл облысы 2 сағат 23 минутта белгіленген межені жүріп өтсе, Солтүстік Қазақстан облысының шабандоздары 2 сағат 57 минутта екінші болып жетті. Ал Жетісу облысының командасы 2 сағат 58 минутта үшінші болып келді. 

«Ұлы дала жорығы» марафонының жалпы жүлде қоры – 65 млн теңге. Жеңімпаз командаға 30 млн теңге, 2-орынға 20 млн теңге, ал 3-орынға 15 млн теңге табысталады.

JORYQ» ат спорты федерациясы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлібек Әлденей жорықтың бұл жолы да жоғары деңгейде өтетініне сенімді екенін жеткізді.

«Тәуелздікке қол жеткізіп, егеменді ел болғалы Қазақстанда ұлттық спорт түрлері жоғары қарқынмен дамып келеді. Ұлттық спорттың артында ұлттық құндылық тұр. Жорық біздің еліміздің салт-дәстүрін насихаттап, өткен мен бүгінгіні жалғайтын тамаша жоба. Марафон-бәйгеге қатысып отырған барлық шабандоздарға сәттілік тілеймін! Сәттілік серік болсын!», – деді Қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Марафон-бәйгенің ұйымдастырушысы Ғани Дүйшеновтың айтуынша, жорық барысын 2 халықаралық және 2 қазақстандық судья бағаласа, ал жол бойы аттардың жағдайын 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қадағалайды.