Әйгілі UFC чемпионы Хабиб Нурмогамедов Қазақстанға келе жатыр

UFC чемпионы, дағыстандық Хабиб Нурмогамедов Қазақстанда қонақ болады. Бұл туралы "Спорт Шредингера" Telegram арнасы хабарлады, деп жазады Paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Әйгілі UFC чемпионы Хабиб Нурмогамедов Қазақстанға келе жатыр
Фото: Getty Images/ Josh Hedges / Contributor

Соңғы рет Хабиб Қазақстанға былтырғы желтоқсан айында келген болатын. Ол Атырауда өткен ММА турнирінде құрметті қонақтар қатарынан табылды. Бұл жолы да Хабиб спорттық іс-шараны тамашалауға келеді.

Бұрынғы UFC чемпионы грепплингтен Чемпиондар лигасының арнайы қонағы болмақ. 19-20 тамызда өтетін турнирге қатысатындар қатарында Хабибтің әкесінің атындағы спорт мектебінің шәкірттері де бар.