Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты
фото: әлеуметтік желіден

"Қазан айы қайнайын деп тұр", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттер желісінде.

Алайда боксшы жекпе-жектің қайда өтетінін және қарсылас кім болатынын нақтыламапты.

Айта кетейік, Әлімханұлы қазіргі таңда АҚШ-та жүр. Ал бірнеше күн бұрын оны жеңілмеген британиялық боксшы айқасқа шақырған болатын.